16.10.2020
2020 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруді ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.З.Тұрғымбаевпен бекітілген жоспарға сәйкес аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің ұйымдастыруымен, Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Мұрат Қоңыржанұлы Жақыпбеков, кадр саясаты жөніндегі басқарма бастығының орынбасары полиция капитаны Бауыржан Айтбайұлы Максимов, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтымен бірлесіп, жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Айгүл Қасымбекқызы Ибраева, жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Мұрат Дәулетбайұлы Төлешев және жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Зина Зинелқызы Нұрыш 15.10.2020 жылы Мәртөк және Қарғалы аудандарының полиция бөлімдеріне барып, аудандық бөлімдердің жеке құрамына мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттарын түсіндірді.
Сонымен қатар, 16.10.2020 жылы Ойыл және Қобда аудандарының полиция бөлімдерінде аталған бағыт бойынша кездесу ұйымдастырылды, Қобда ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өткен Қобда ПБ жеке құрамымен кездесу барысында аудан әкімі Болат Ахметұлы Құлов департамент өкілдеріне және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ қызметкерлеріне мемлекет басшысының жолдауы аясында түсіндіру жұмыстарын насихаттауды ұйымдастырғаны үшін ерекше алғыс білдірді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың экономикалық, саяси және әлеуметтік салалардағы бірқатар маңызды шешімдері айтылды, Жолдауда Президент тек міндет қойып қана қоймай, нақты қағидаттарды да белгілегені айқын.
Жолдауда айтылған осы мәселелерді талқылауда Мәртөк, Қарғалы, Ойыл және Қобда полиция бөлімдерінің полиция қызметкерлері өздерінің тараптарынан сұрақтар қойды, оларға дәріскерлер А.К. Ибраева, М.Д.Төлешев және З.З. Нұрыштан толық және мазмұнды жауаптар алынды. Кездесу соңында аудандық полиция бөлімдерінің басшылығы мен жеке құрамы ұсынылған ақпарат үшін алғыстарын білдірді.
Жалпы заң пәндері кафедрасының
аға оқытушысы
полиция подполковнигі
З.З.Нұрыш






