29.11.2021
2021 жылдың 27 қарашасында кафедраның жоспарына сәйкес бастапқы даярлық курсының 14-взвод тындаушылары үшін Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция подполковнигі Б.М. Мұхамедьярова «Заң даярлығы» пәнінен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және көрініс беруі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы» тақырыбы бойынша ашық семинар сабақ өткізілді.
Сабақ аясында терроризм мен діни экстремизм көріністерінің түсінігі мен түрлері, қауіп кезінде және террористік актілерді жасау кезінде қоғамдық орындардағы мінез-құлық жүйесі қарастырылды. Сабақ шеңберінде нормативтік дереккөздерді пайдалана отырып, топтарда жұмыс жүргізілді, кроссвордтар шешілді, слайдтар, бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ статистикалық деректер талданды, бұл сабаққа қызығушылықпен қатысқан және қаралып отырған тақырып шеңберінде жалпы дүниетаныммен байланысты материалды таныстыруға ілеспе сұрақтарға жауап берген тыңдаушылардың нәтижелі жұмысына ықпал етті.
Оқытылған тақырыптың әрбір мәселесі бойынша қорытынды жасалды, ал қорытынды бөлімде сабақтың жалпы қорытындысы шығарылды.
Өткізілген ашық сабаққа қатысқан басшылық пен профессорлық-оқытушылық құрамның оң пікірлері алынды. Жалпы пікір бойынша, сабақтың мақсатына қол жеткізілді, өткізілген сабақ “өте жақсы”деп бағаланды.











