17.06.2021
2021 жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалымен бірлесіп «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің тұжырымдамалық ерекшеліктері: әкімшілік юрисдикция және сот төрелігі, азаматтық қоғам мен мемлекеттік билік органдарының өзара іс-қимылы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Модератор ретінде институт бастығының м.а. А. Байсултанов және академия филиалының директоры С. Садуақасова сөз сөйледі.
Конференцияның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңа кодексін түсіндіру, сондай-ақ, әкімшілік юрисдикцияның практикалық қызметінде, сот төрелігінде, азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылында туындайтын өзекті мәселелерді талқылау.
Конференцияға Германия, Ресей, Қырғызстан ғалымдары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарыңың судьялары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, ІІМ өкілдері, сондай-ақ Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының ведомстволық оқу орындарының басшылары мен ғалымдары қатысты.














