14.12.2023
Қазақ елінің тәуелсіздігіне 32 жыл толуына орай, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі: Өткенге қарап болашаққа сенімді қадам басу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – мереке қарсаңында Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған желтоқсан ардагерлерімен кездесе отырып, тәуелсіздігіміздің тарихын, өткенімізді, халқымыздың бостандығы үшін күрескен тұлғаларды еске алу, жастардың бойында ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау.
Дөңгелек үстелді Институт бастығы полиция полковнигі Нұркен Жанболатұлы Мухаметкалиев мерекелік құттықтауымен бастады. Дөңгелек үстелге желтоқсан көтерілісін көзбен көріп куәгер болып қатысқан Ақтөбе қаласындағы «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Ауелбаев Адилкерей Сағидоллаұлы, Ауелбаева Рыскелді Рахимжановна және Срашов Жаңалық Кантуреевич қатысты. Олар Желтоқсан оқиғасының тарихи тағылымы мен тәуелсіздік құндылықтары төңірегінде пікір алысып, ой бөлісті. Кездесуге келген ардагерлер жас полиция қызметкерлеріне жүрекжарды тілектерін білдіріп, олардың бойында патриоттық сезім, ұлттық рух болу керектігі туралы көңілге қонымды пікірлер айтты. «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің атынан Институт кітапханасына «Желтоқсан жаңғырығы» кітабын табыстады. Тыңдаушылар мерекеге арнаған жыр жолдарын тарту етті.

















