Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 01.09.2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында арнайы алғашқы даярлық курсы тыңдаушыларымен кездесу

5.11.2020

2020 жылғы 04 қарашада ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 01.09.2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында алғашқы кәсіби даярлық курсы тыңдаушыларына кездесу өткізілді.

Жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Зина Зинелқызы Нұрыш тыңдаушыларға Президенттің бүгінгі Жолдауы елдің болашақ дамуын және оның ертеңгі күнге бетбұрысын айқындағанын жеткізді. Барлық бағыттарды дамыту ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының алдында тұрған проблемаларды шешуге арналған жаңа Жолдау елдің дамуы мен халқымыздың өміріне жаңалықтар енгізілетінін көрсетеді.

Ел дамуының барлық маңызды мәселелерін атап өтіп, шешу жолдарын ұсына отырып, Президент білім беру саласына қатысты бесінші бағытта: “Қай уақытта немесе қандай қоғам болмасын, білім беру ешқашан шетке қойылмайды”, – деп атап өтті. Қазіргі қоғам-білімді жастар қоғамы.

Жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Мұрат Дәулетбайұлы Төлешев Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру аясында құқық қорғау және сот жүйесін реформалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша түсініктеме берді.

Жолдауда айтылған осы мәселелерді талқылауда тыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылды, дәріскерлер М.Д.Төлешев және З.З. Нұрыштан толық және мазмұнды жауаптар алынды.

Жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы

полиция подполковнигі З.З. Нұрыш