Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты жиналыс

23.06.2023

Қазақстан полициясы күніне орай оқу орнымызда өткен салтанатты жиналыста институт бастығы полиция полковнигі Н.Ж.Мұхаметқалиев жеке құрамды төл мерекелерімен құттықтап, кәсіби жеңістер мен жетістіктер, еңбектеріне шабыт пен табыс тілеп, қызметтік міндеттерін атқаруда айтарлықтай нәтижеге жеткен қызметкерлерге ІІМ-нің, институттың бұйрықтарымен арнайы марапаттар табысталды.
Сонымен қатар, жас мамандарды тәрбиелеуде өз тәжірибелерімен бөлісіп, қолдау көсетіп жүрген институттың ардагерлеріне де алғысын білдіріп, оларға да марапаттар мен сый-сияпат ұсынды.