Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған “Адал азамат” жобасы жастарды патриотизм мен адамгершілікке, білімге құштар етуге, кәсіби біліктілікке, еңбекқорлық пен туған жерге құрметін арттыру секілді жеке қасиеттерін қалыптастыруда маңызы зор.

18.09.2024

Бастамаға қолдау білдіру мақсатында Облыстық Қазақстан халық ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Халықаралық қазақ тілі қоғамының төрағасы, Медицина саласының үздігі, Рахиев Роман Рахиұлы, Білім саласының ардагері, Абайтанушы, Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Қуаныш Пірмаханұлы Қонтай және Ардагерлер кеңесінің төрағасы Валерий Александрович Сюняков институттың жеке құрамымен, курсанттармен кездесіп тағылымы мол әңгімелерін ортаға салды.

Жастарға ел игілігіне қызмет етіп табысқа адал жолмен жететін “Адал азамат” ұғымын түсіндірді, бұл бастаманың Әділетті Қазақстанды құру идеясымен үндесіп жатқандығына тоқталды.

адалазамат#айтылдыорындалды