Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Қазақ тілі – рухани жаңғырудың бастауы

26.04.2025

2025 жылғы 26 сәуірде курсанттар арасында мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін көтеру, тілді сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәнін түсіндіру арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Қазақ тілі – рухани жаңғырудың бастауы» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
ОӘО БСМжББ бастығы полиция подполковнигі О.С. Төлепберген сөз сөйлеп, тәрбие сағатының мақсатымен таныстырды. ОӘО ОПҚЕҰб аға оқытушы-әдіскері полиция майоры Г.Б.Ибыжанова «Қазақ тілі – ұлт рухының темірқазығы» атты баяндамасын оқыды. Баяндамада тілдің тарихи даму жолы мен қазіргі қоғамдағы маңызы қарастырылды. Негізгі бағыттарға тоқталып, тілді сақтау мен дамыту – ұлт болашағы үшін маңызды екенін түсіндірді. Содан соң, «Қазақ тілінің болашағы – өз қолымызда» тақырыбында пікірталас жүргізілді.
Курсанттар әрбір азамат мемлекеттік тілді білуге және қадірлеуге міндетті екенін және қазақ тілін күнделікті өмірде, қызметте қолданудың маңызын түсінді.