Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі проблемалар және оларды шешу жолдары”

28.05.2021

2020-2021 оқу жылына құқыққорғау, сот және арнайы органдардың профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейін арттыру жөніндегі Жол картасын іске асыру жөнінде іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты базасында ағымдағы жылдың 28 мамырда “Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі проблемалар және оларды шешу жолдары” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты мен жаңашылдығы – қашықтықтан оқыту сапасын жетілдіру бойынша тәжірибе алмасу; білім беру процесінде қашықтықтан оқытуды пайдаланудың артықшылықтары мен перспективаларын ашу; қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру кезінде заманауи педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді пайдалану мүмкіндігін қарастыру; білім беру процесінде қашықтықтан оқыту жүйесін пайдаланудың практикалық тәжірибесін сипаттауда болып табылады.

Әрбір сөз сөйлеу барысында қатысушылардың ұстанымдарын негіздеуге және білдіруге байланысты қызықты талқылаулар қатар жүріп қашықтан оқытудың төрт факторы туралы пікірлер орнықтырылды:

* Қашықтықта бөлінгеніне қарамастан оқытушы мен білім алушының өзара тиімді іс-қимылы;

* Бұл ретте қолданылатын педагогикалық технологиялар;

* Әзірленген оқу-әдістемелік материалдардың тиімділігі және оларды ұсыну тәсілдері;

* Кері байланыс тиімділігі.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға жылы лебіздері мен сондай-ақ бір-біріне мазмұнды сөз сөйлегені және қызықты жарыссөз өткізгені үшін алғыстарын білдірді.