Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Қашықтан оқыту: цифрлық технологияларды қолдана отырып білім алудың заманау түрі

29.04.2022

2022 жылдың 28 сәуірінде ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты базасында оқу-әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен онлайн режимде ZOOM платформасында “Қашықтан оқыту: цифрлық технологияларды қолдана отырып білім алудың заманауи түрі” тақырыбында қашықтан оқыту мәселелері бойынша халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиынның мақсаты  оқу үрдісінде қашықтан оқыту сапасын жетілдіру бойынша пікірлердің кең спектрін ашу болып табылады.

Институт бастығының орынбасары, философия докторы PhD, полиция майоры Ерлан Қуанышұлы Балымов құттықтау сөзбен іс-шараны ашты.

         Дөңгелек үстелге қатысушылардың географиясы ауқымды болды, Ресей Федерациясы ІІМ жоғары оқу орындарының өкілдері баяндама жасады: Ресей ІІМ Волгоград академиясы, Ресей ІІМ Омбы академиясы, Ресей ІІМ Уфа заң институты, Ресей ІІМ Орал заң институты, Ресей ІІМ Қиыр Шығыс заң институты, Ресей ІІМ қазан заң институты, И. Д. Путилина ат. Ресей ІІМ Белгород заң институты. Ресей ІІМ Шығыс-Сібір институты, сондай-ақ Қазақстан ІІМ ЖОО: М. Есболатов ат. Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов ат. Қарағанды академиясы, олар өз академиялары мен институттарында кездесетін мәселелері аясында онлайн оқыту тәжірибесімен бөлісті.