27.04.2021
2021 жылдың 27 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты базасында ОӘО-ның әдіскері Махаббат Төлегенқызы Күлтенова қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, Педагогикалық шеберлік мектебі аясында “Қашықтықтан білім беруде интерактивті әдістер мен технологияларды қолдану” тақырыбында шебер-класс өткізді. Мастер-класстың мақсаты – компьютерлік презентацияны пайдалана отырып, әңгімелесу дәрісі арқылы білім алушылардың танымдық қызметін жандандыру құралы ретінде оқытудың интерактивті әдістерін ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерін қарастыру болып табылады. Қатысушылар алынған ақпаратты талдап, салыстырып, шебермен тәжірибе алмасты.
БСМжББб, ОӘО оқытушы-әдіскері
полиция капитаны
Ш.У. Смагулова







