Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ПРИНЦИПІ РЕТІНДЕ

20.10.2020

Ағымдағы жылдың 20 қазаны күні 2020-2021 жылдарға арналған “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасын іске асыру мақсатында Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Қ.Ақшолақовтың төрағалығымен ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы Полиция департаментімен бірлесе отырып кездесу өткізілді.

Әлемде орын алған пандемия жағдайына байланысты биылғы жылы “Рухани жаңғыру” бағдарламасына 4 жаңа арнайы жоба қосылды. 1.”Үнем – қоғам қуаты” 2. Дәстүр мен ғұрып”, 3. “Еңбек елдің мұраты” 4. “Құқықтық мәдениет”. Бұл жобалардың барлығының басты идеясы – тұлғаны тәрбиелеу мен қоғамда биік талғам қалыптастыру болса, “Құқықтық мәдениет” жобасының негізгі қағидаттарының бірі – бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру жолында құқықтық мәдениеті толысқан қоғам құру.

Кездесуде ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы, з.ғ.к., полиция подполковнигі Ибраева Айгул Касымбековна құқық­тық мемлекеттерде азаматтар құқықтарының қор­ғалуы, ең алдымен, олардың құқық­­тық білім мен құқық бұзу­­шы­­лыққа қарсы тұра білу дең­­гейіне байланысты көрініс беретінін, халықтың құқықтық сауаттылығы, құқықтық мәдениетінің жоғары болуы еліміз үшін өте маңызды екенін және бұл жобаның қажеттілігі туралы егжей-тегжей ұғындыруға тырысты.

Полиция подполковнигі М.Д. Тулешев және Ақтөбе облысы Полиция департаментінің кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары, полиция капитаны Б.А. Максимов ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары десек, оны бағалай білу құқықтық мәдениеттің қайнар көзі, халықтың әлеуметтік-құқықтық белсенділігін дамытпай, құқықтық саяси-экономикалық түбегейлі қайта құрудың тиімді, әрі нәтижелі орындалуы мүмкін еместігін айтып, тілге тиек етті.

Кездесу соңында Ақтөбе облысы Шалқар ауданының әкімдігі ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының өкілдері мен Ақтөбе облысы Полиция департаментінің басшылығына берілген ақпарат үшін алғыстарын білдірді.

Жалпы заң пәндері кафедрасының

аға оқытушысы полиция подполковнигі                          

М.Д.Тулешев