Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Құқықтық мәдениет

23.05.2025

Халықаралық балаларды қорғау күнін өткізу шеңберінде ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының оқытушылары №5 орта мектебі, №13 орта мектебінің оқушылары арасында «Құқықтық мәдениет» тақырыбында дәріс өткізді.
Мақсаты-құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру. Сонымен қатар, балалардың өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінігін кеңейту арқылы олардың құқықтық қорғалу деңгейін күшейту көзделді.
Өткізілген дәріс барысында оқушылар құқықтық нормалар мен ережелер туралы маңызды мәліметтер алды, құқықтық мәдениеттің маңыздылығын түсінді. Іс-шара балалардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруда тиімді құрал болды.