Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Құқық қорғау органдарының болашақ мамандары

24.06.2025

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында құқық қорғау органдарының болашақ мамандары – курсанттар үшін маңызды кездесу өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқалық отырысында сөйлеген сөздерінің негізгі тезистері жеткізіліп, талқыланды.
Президенттің құқық қорғау жүйесін жаңғырту, азаматтардың сенімін арттыру, заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтау, жемқорлыққа қарсы күрес, адам құқықтарын қамтамасыз ету, кәсібилікті арттыру қажеттілігіне баса назар аударған сөздері толықтай баяндалды.