17.09.2023
17.09.2023 жылы қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы алғашқы кәсіби даярлық курстарының тыңдаушыларымен таныстыру кездесуін өткізді.






Кездесу барысында болашақ полиция қызметкерлері кафедраның қалыптасу тарихымен және жұмысының негізгі бағыттарымен, Ақтөбе облысы ПД Жедел-криминалистикалық қызметінің қызметімен, оқиға орнын тексерудің тактикалық тәсілдері мен ережелері, қылмыс іздері мен заттай дәлелдемелерді табу, бекіту, алу және орау ерекшеліктері, композициялық портреттер жасау тәсілдерімен, сондай-ақ шұғыл жағдайларда зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету алгоритмдерімен танысты.
Таныстыру соңында, тыңдаушылар кафедра ұжымына танымдық іс – шара үшін алғыс айтып, бейіндік пәндерді одан әрі зерделеуге ниет білдірді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуға қызығушылықтарын танытты.





