1.09.2023
«Білім күні» мерекесіне орай, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері Ақтөбедегі «Керуен сити» сауда ойын-сауық орталығында «Қауіпсіз қоғам және жолдағы балалардың қауіпсіздігі» акциясын өткізді.
“Елдегі әрбір баланың бақытты және қауіпсіз балалық шағы болуы керек. Жол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аудару қажет”, – деді Касым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.
Бұл іс шара балалардың жолдағы және жалпы қоғамдағы қауіпсіздігінің маңыздылығына баса назар аударту мақсатында институттың, мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, оқу орындарының, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдардың бірлескен күш-жігерімен ұйымдастырылған арнайы іс-шара болды. Іс шарадағы берілген мәліметтер, көрсетілген көріністер, практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған іс-шара біздің қоғамдық ортаны барлық жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз ету үшін жасалды.
Бұл шара барысында жол қауіпсіздігі мамандары ата-аналар мен тәрбиешілер балаларға жол қозғалысы қауіпсіздігін қалай үйретуге болатыны туралы өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті. Сондай-ақ жол қозғалысы кезінде кешкі уақытта көрінуді арттыру үшін шағылыстыратын элементтерді қалай дұрыс пайдалану керектігі туралы практикалық демонстрация ұсынылды.
Осы іс-шарада ұйымдастырушылар қаланың барлық тұрғындарын балалар мен барлық жол қозғалысы қатысушылары үшін қауіпсіз орта құру бастамасына қосылуға шақырады. Біз тек бірге жолдарымызды қауіпсіз ете аламыз және балаларымыздың болашағын қорғай аламыз!