21.12.2021
2021 жылғы 20 желтоқсанда Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысы өтті.
Жұмысқа ІІМ КСД ведомстволық білім беруді ұйымдастыру басқармасының басшысы полиция полковнигі А.Ж. Нұрышев, сондай-ақ ІІМ ведомстволық оқу орындарының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында ғылыми зерттеулердің бірыңғай ведомствоаралық базасын құру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыру (зерттеулер шеңберінде де, ғылыми іс-шаралар өткізу шеңберінде де) мәселелері қаралды.








