22.02.2023
Ағымдағы жылдың 17 ақпанында арнайы кәсіби даярлық курсы тыңдаушыларына «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру, ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, әдеби мұра танымдарын толықтыру мақсатында институттың ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімшесі мен 2 курс бастығы полиция майоры С.Оразғалиев «Ғажайып ақын – Мұқағали» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді. Кеште өз өнерлерін ортаға салған 2 курс тыңдаушылары Мұқаңның өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіріп оқып, ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді де орындады.Мұзбалақ жыр шайырының шығармаларын өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттауға арналған игілікті шарадан көптеген рухани азық алғанына сенеміз.








