Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

СПОРТ КҮНІ

20.08.2023

Қазақстанда тамыз айының үшінші жексенбісінде СПОРТ КҮНІ аталып өтіледі. Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын асқақтатады. Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады.

Осы орайда, Институтымыздың дене шынықтыру кафедрасының ұйымдастыруымен, бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында тыңдаушылар арасында марафон және велоспорт жарысы ұйымдастырылды.

Спорт күніне арналған жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Институттымыздың спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары арта берсін!