Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«АБАЙ МҰРАСЫ-ХАЛЫҚ ҰЛАҒАТЫ» ӘДЕБИ-КЕШІ

28.08.2023

28 тамызда Абай күніне орай тыңдаушыларды халқымыздың ұлы кемеңгер, ойшыл ақынының өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін көркем сөйлеуге, туған еліне және тарихына деген сүйіспеншілігін ояту, мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту мақсатында «Абай мұрасы – халық ұлағаты» тақырыбында әдеби кеш өтті.  Кеште тыңдаушылар әдеби қазақ тілінің негізін қалаушы кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы Абай шығармаларын мәнерлеп оқып, әндерін орындады, ақынның өмірі туралы фильм көрсетіліп, қара сөздерінің аудиожазбалары ұсынылды.