26.09.2022
2022 жылдың 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясы «Балаларға қарсы қылмыстар: жыныстық зорлық-зомбылық, кибербуллинг, синтетикалық есірткі және басқа да қауіптер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Шараға Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің, министрліктің өкілдері Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Оқу-ағарту министрлігінің мамандары, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бас кеңсесі, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Түркия мемлекеттерінің құқық қорғау органдары қызметкерлері қатысты. ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтынан «Кәлеметке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы құқыққа қарсы іс-әрекеттрдің алдын алу жұмысын ұйымдастыруға проблемалық-бағдарланған тәсіл» тақырыбындағы баяндамамен Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығының бастығы полиция полковнигі А.Ф.Саттарова қатысты.







