Білім сапасын мониторингілеу және бақылау бөлімі 2016 жылдың маусым айында құрылды. Бөлім қызметіне:
академиялық топтар мен ағымдарды қалыптастыру;
курсанттардың жеке оқу жоспарларын белгіленген тәртіпте тіркеу;
курсанттардың академиялық рейтингін есептеу;
оқытудың академиялық кезеңінде және оқытудың барлық кезеңінде курсанттардың игерген кредиттерін есепке алу;
курсанттардың транскриптерін толтыру;
оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспарлары мен академиялық күнтізбеге сәйкес курсанттардың үлгерімі бойынша ағымдағы бақылаудың, межелік бақылаудың, аралық және қорытынды аттестациялаудың мониторингін ұйымдастыру және өткізу, сараптау, қорытындысын шығару;
академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру;
мониторинг және білім сапасы үшін бақылау құралының (тест тапсырмаларының мәліметтер банкі) және технологиясының (тестілеу, сауалнама алу жүйелері) қорын құру;
курсанттардың аралық және қорытынды аттестациясы кезінде шетелдік бақылаулар, сынақтар және емтихандар өткізу технологияларын сақтау бойынша бақылау жасау;
мемлекеттік емтихан комиссияларының құрамын және жұмыстарын ұйымдастыру, нәтижелерін талдау және олардың жұмыстары бойынша ұсыныстар дайындау;
білім беру қызметін жетілдіру және курсанттардың үлгерімін арттыру бойынша ұсыныстар жинау;
білім сапасын мониторингілеу және бағалау құжаттарын дайындау;