7.09.2021
Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында 401 оқу тобының кураторы полиция капитаны Н.А. Таласпаев “Дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту” тақырыбында ғылыми-танымдық дәріс өткізу үшін кураторлық сағатқа тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығының оқытушы-әдіскері полиция майоры С.А. Мендыбаева шақырылды. Дәріскер сондай-ақ, полиция қызметкерінің отбасы қызметтік міндеттерді табысты орындауда қолайлы моральдық көңіл-күйді қамтамасыз ететін негізгі “тірегі” болып табылатынын атап өтті.
Қазақстандағы Отбасы күніне арналған кураторлық сағаттар барлық оқу топтарында өткізіледі.