Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Полицияға ашық және сайысты түрде жұмысқа қабылдау және қызметті ұйымдастыру процестерін басқару» атты семинар тренинг.  

30.06.2022

«Полицияға ашық және сайысты түрде жұмысқа қабылдау және қызметті ұйымдастыру процестерін басқару» атты семинар тренинг. 

2022 жылғы 28-30 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы бірлесіп «Полицияға ашық және сайысты түрде жұмысқа қабылдау және қызметті ұйымдастыру процестерін басқару» атты тақырыбында семинар тренинг өткізді.

 Семинар жұмысына ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары Ш.А. Алекешев, ІІМ ведомстволық білім беруді ұйымдастыру басқармасының бастығы К. З. Токубаев, орталық аппарат пен ведомстволық оқу орындарының өкілдері қатысты. Ақтөбе заң институтынан бастықтың орынбасары Балымов Е.К. қатысты.

Іс-шара барысында кадрлық ресурстарды басқарудың электрондық жүйелерінің артықшылықтары, кадрларды іріктеу процесінде біржақтылықты азайту, полициядағы әлеуметтену процестері және кадрларды ұстап қалу үшін алғышарттар және т. б. мәселелер талқыланды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар кадрлық ресурстарды іріктеу және олармен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірледі.