Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Ақпарат

26.11.2021

          2021 жылғы 16-19 қараша аралығында Нұр-сұлтан қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмысқа қарсы күрес басқармасы «Полицияның заманауи қызметіндегі негізгі компонент ретінде сенім құрудағы және нығайтудағы озық халықаралық тәжірибе» тақырыбында Қазақстан Республикасындағы заманауи полиция қызметіне сенімді арттыру мен нығайту бойынша № 1 оқыту тренингін ұйымдастырды.

          Жобаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне Ішкі істер органдарын жаңғыртуда жәрдем көрсету.

          Іс-шараны Біріккен Ұлттар Ұйымы ЕҚБ елдік директоры Венди О’ Брайен ашты. Оқыту тренингі барысында сабақты халықаралық сарапшылар Альвидас Шакочюс пен Сергей Сидоров жүргізді.

           Іс-шара жұмысына ҚР ІІМ орталық аппаратының өкілдері, ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы Академиясының, ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Акадамиясының, ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай Акадамиясының профессорлық оқытушылар құрамы қатысты. Біздің институттан бастықтың орынбасары полиция майоры Е. К. Балымов, қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушылары полиция подполковнигі

Е. А. Церковнова, полиция подполковнигі С. М. Минайдаров, полиция майоры Р.Б. Молдыбаева, ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры В.В Хасанова қатысты.

          Оқыту тренингі шеңберінде мамандандырылған оқыту және құқық тәртібін қорғаудың халықаралық озық практикасымен алмасу негізінде қазақстандық полицияны жаңғырту мәселелері талқыланды. ІІО реформасы мен полицияның жұртшылықпен өзара іс-қимылының тиімділігінің іргетасы ретінде ҚР Ішкі істер министрлігіне кадр саясатын жақсартуда мамандандырылған консультациялық қызметтер мен көмек көрсету іс-шаралары ұсынылды.