Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Экономика және құқық факультеті «Құқықтану» мамандығын бітіруші түлектері 4-курс 402 оқу тобының студенттерімен кездесу

22.11.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында жоғары оқу орындары мамандардың сапалы даярлануына жауап беруге міндетті, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды басты міндет – жалпы адамзатқа ортақ қастерлі құндылықтарды жастардың бойына сіңіру. Отаншылдық, білімге құштарлық пен еңбекқорлық, бірлік пен жауапкершілік сияқты қасиеттер дәріптелуі керек – деген болатын.
Осы мақсатта 2021 жылғы 18 қарашада жалпы заң пәндері кафедрасының доценті полиция подполковнигі З.З.Нұрыш, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ Экономика және құқық факультеті «Құқықтану» мамандығын бітіруші түлектері 4-курс 402 оқу тобының студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында  болашақ заңгер мамандарына еліміздің құқыққорғау органдары саласында, соның ішінде Жолдаудағы басым бағыттардың бірі ретінде сервистік полиция моделін енгізу жөнінде жасалып жатырған қадамдар  туралы айтылып, ІІО қызметкерлеріне қойылатын талаптарға ерекше назар аударылды.
Пікір алмасу аясында ішкі істер органдарына қызметке баруға ниет білдірген студенттерге кәсіби дайындық сапасын арттыру мәселелеріне көңіл аударуларын және жиі қойылған сұрақтардың бірі ҚР ІІМ ведомстволық оқу орындарына қабылдану, құжат тапсыру бойынша сұрақтарға ұсыныстар берілді.