Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

КҮЗЕТ БӨЛІМІ ИНСПЕКТОРЛАРЫНА АРНАЛҒАН ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

26.05.2022

Қазақстандағы адам құқықтары мәселесін зерттеп жүрген жетекші ғалымдарды тарту мақсатында  2022 жылдың 17 мамырында жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы, полиция подполковнигі А.К.Ибраеваның ұйымдастыруымен  Біліктілікті арттыру және мамандарды қайта даярлау факультетінде қашықтықтан білім алып жүрген ҚҚБ кезекші бөлімінің жұмысын ұйымдастыру (ҚҚБ КБ аға инспекторлары, инспекторлар) бойынша полиция қызметкерлеріне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, Конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Сманова Ақмарал Бахтиярқызы «Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі ҚР ішкі істер органдарының ролі» тақырыбында қашықтан оқыту форматында  дәріс оқыды.
         Дәріскер адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық-құқықтық механизміне, конституциялық-құқықтық механизміндегі ішкі істер органдарының роліне жете тоқталып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы Жаңа Қазақстанды құрудағы стратегиялық міндеттерге қатысты өз пікірімен бөлісіп, Президентімізді  қолдау, бастамаларына сенім білдіріп, Жаңа Қазақстанды құруға әрқайсысын атсалысуға шақырды.