Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Кездесу

30.12.2021

2021 жылдың 29 желтоқсанында Қазақ-Орыс Халықаралық университеті ректорының міндетін атқарушы Марат Шамильевичпен және ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары полиция майоры Е.К. Балымовпен кездесу ұйымдастырылды.
         Кездесу барысында білім беру және ғылыми қызмет саласындағы ынтымақтастық, ҚРХУ базасында «Құқықтық тәртіп» институтының орталығын ашу, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы арасындағы академиялық ұтқырлық мәселелері талқыланды.
         Институт бастығы полиция полковнигі А.Байсұлтановтың атынан университет басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамына алғыс хаттар мен сертификаттар табыс етілді.