Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДА ӨМІР МЕН ӨЛІМ ҚАТАР КЕЛГЕН СӘТТЕ ЖАНКЕШТІЛІК ТАНЫТАТЫН ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР 

20.05.2023

Антқа адал, азаматтардың қауіпсіздігін қорғауда өмір мен өлім қатар келген сәтте жанкештілік танытатын ержүрек полицейлердің ерліктері ұрпаққа үлгі.

Осыған орай идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімі тыңдаушыларға азаматтардың қауіпсіздігі жолында өз өмірін қиған полицейлер жайында мәліметтермен бөлісіп, олардың ерлігі туралы бейнероликті назарларына ұсынды. 

Бұл болашақ құқық қорғау қызметкерлерінің кеудесінде патриоттық рухтың қалыптасуына, ел мен жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға, қызметтік міндеттерін адал атқаруға сеп болары сөзсіз.