Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Counter – Strike: Global Offensive» киберспорты бойынша командалардың кездесуі

22.11.2021

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты мен Ресей ІІМ Қиыр Шығыс заң институты арасындағы білім беру мен ғылыми қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы қолданыстағы хаттамаға сәйкес, өзара іс-қимылды кеңейту және достық қарым-қатынастарды  нығайту шеңберінде ағымдағы жылғы 14 қарашада екі білім беру мекеменің курсанттары арасында «Counter-Strike: Global Offensive» киберспорт ойыны бойынша жарыс (тактикалық үш өлшемді күрес) өткізілді.
Осы жарыстық ойында институт командасының құрамына КДФ-тің 4-курс курсанттары алынды: А.Т.Ахметқали – команда капитаны; команда мүшелері:Д.Тұрғамбай, К.Ж.Жұмағали, Д.Батырхан, Н.Әдебиет, Қ.Берікбаев және Ә.Жеңісов.
Ойын барысында командалар кезек-кезек жетістіктер көрсетіп, бірақ ойын Ресей университетінің курсанттары үшін сәтті аяқталды. Соңында командалар бір-біріне мазмұнды ойын үшін алғыстарын білдіріп, осындай кездесулердің жалғасуына, одан әрі жемісті және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміт білдірді.