Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

4 маусым – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай кітап көрмеге библиографиялық шолу

2.06.2026

2026 жылғы 2 маусымда ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 4 – маусым Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, 2 курс курсанттар  назарына кітапхана қызметкері көрмеге библиографиялық шолу жүргізді.

     Шараның мақсаты: курсанттарға Қазақстандық патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін мақтан тұту, идеяларын кеңінен дәріптеу және дамыту, Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру.

Көрмеге Ата заңымыз «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Е.Шаймерденовтың «Елтаным» кітабы, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік  рәміздері» фото альбомы, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» кітабы  , Ы.Сағынтаевтың «Қазақстан Республикасының рәміздері» еңбегі,т.б мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, рәміздер туралы материалдар, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар қойылды.