Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

№41 орта мектептің 9 сынып оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтарға «Нөлдік төзімділік» тақырыбындағы дәрістің өткізілуі

27.09.2018

Әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы Изтлеуов О.Н. 2018 жылдың 26 қыркүйегінде құқық бұзушылыққа «Нөлдік төзімділік» қағидасын қоғамда қалыптастырудың ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралар жоспарына сәйкес, №41 орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен: «Көшеде және қоғамдық орындарда кәмелетке толмаған құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізіліп, қатысушыларға арнайы буклеттер таратылды.

Дәріс соңында қатысушылар оқытушыға қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, оқытушыдан егжей-тегжейлі ақпарат түрінде жауаптар алды.

 

ӘжДШД кафедрасының      

оқытушысы

полиция лейтенанты             

О.Н. Изтлеуов