Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Қазақстан мен Ресейдегі анықтау: мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбына халықаралық дөңгелек үстел

17.10.2021

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысаны ретінде анықтаудың эвалюциялық даму мәселелері «Қазақстан мен Ресейдегі анықтау: мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбына халықаралық дөңгелек үстел шеңберінде талқылау тақырыбына айналды.

Дөңгелек үстел 2021 жылдың 30 қыркүйегінде ҚР ІІМ Ш.Кабылбаев атындағы Костанай академиясында онлайн форматта “Zoom” платформасында өткізілді.

Дөңгелек үстел аясында заң ғылымдарының докторы, профессор И.П.Корякин, РФ ІІМ Урал институтының қылмыстық процесс кафедрасының бастығы  полиция полковнигі Н.С. Расулова, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы  Караганды академиясынан полиция полковнигі  Д.А. Абеуов қатысты. ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ атынан қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі   Н.Т. Саханова баяндамамен қатысты

 Дөңгелек үстел жұмысы сындарлы диалог форматында өтті. Пікірсайыс барысында талқыланатын неғұрлым өзекті проблемалар сотқа дейінгі тергеп-тексерідің, сотқа дейінгі жеңілдететін іс-жүргізудің және хаттамалық нысанның нысандары мен мерзімдері болды.