Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Президенттің Қазақстан халқына «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар-берік елдің өркендеуінің негізі» атты кезекті Жолдауы

1.09.2021

1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе ​​заң институтының курсанттары Президенттің Қазақстан халқына «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар-берік елдің өркендеуінің негізі» атты кезекті Жолдауының көрсетілімін тамашалады. Қазақстан халқына арнаған сөзінде Президент Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мемлекеттің ең жоғары құндылығы деп атады. Мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі кезеңде елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы білім беруге, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйені құруға, саяси жаңғыртуға, адам құқықтарын қорғау және ұлтты ұйыстыруға бағытталған бастамаларын жариялады.