Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ПОЛИЦИЯНЫҢ СЕРВИСТІК МОДЕЛІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ

26.12.2022

2022 жылғы 26 желтоқсанда институт қызметкерлерінің “Қазақстандық полицияның сервистік моделі” жобасының кеңесшісі, “Құқықтық саясатты зерттеу орталығы” ҚҚ ұлттық сарапшысы, халықаралық құқық және адам құқықтары жөніндегі маман Назгүл Жолдасқызы Ерғалиевамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында полицияға және мемлекеттік институттарға деген ішкі және қоғамдық сенім деңгейін арттыру, Қазақстан Республикасында сервистік полицияның қалыптасуы, ғылыми әлеуетті дамыту және ғылыми басылымдарды дайындау бойынша әдістемелік және консультациялық көмек көрсету, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге шолу жасау үшін полиция практикасын жаңғыртуға қатысты мәселелер талқыланды.

Бұдан бөлек, азаматтық қоғаммен ынтымақтастық, мемлекеттік қызметтер көрсетуде ведомствоаралық үйлестіру және жергілікті полиция қызметінің жұмысын талдау бойынша халықпен неғұрлым тиімді жұмыс істеуге қатысты ұсыныстар берілді.