Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Мемлекеттік тілді жаңғырту

9.03.2018

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы төртінші басымдықты орындау негізінде 2017 жылғы 10 мамырдан бастап ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жеке құрамы арасында ағылшын сабағы өткізілуде.

Басты мақсат – ағылшын тілінде жазып, еркін сөйлесу. Жұмыс барысында  сабақ қызықты әрі түсінікті өту үшін кембридж тәсілі қолданылады.Офицер құрамы 2 топта оқиды: бастапқы және жалғастырушы.

Бірінші топ өзінің оқу бастамасын дыбыстың қолданылу тәртібі мен әліппеден бастады. Сондай–ақ, грамматикалық талдаулармен танысты. Білім жүйесін бақылау фонетикалық диктант және тест түрінде өткізіледі. Ал ағылшын тілінен белгілі түрдегі білімі бар офицерлер екінші жалғастырушы топта білімін жалғастыруда. Бұл сабақта әр түрлі тақырыпта қозғалатын кішігірім әңгімелер арқылы әр адамның сөйлеу мәнеріне үлкен мән беріледі.

Сабақ аптасына екі реттен өткізіледі. Бұл білім жүйесінде 30 офицер білім алады.

ЖББ пәндер кафедрасының доценті

полиция полковнигі

Ж.М.Есмамбетова