Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Мектепке жол» республикалық акциясы

3.09.2021

Дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтуде. Аталған қайырымдылық шараға жоғары белсенділікпен ат салысып жатқан мейірімді жандар аз емес.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшылығы, идеология және имидждік жұмыс, кадр саясаты, кезекші бөлімдерінің ұйымдастыруымен әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына көмек көрсету шарасы өткізілді.