Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ерлік елге мұра, ұрпаққа өнеге

9.12.2022

​Полиция қызметкерлері – халықтың қорғаны, адамдар құқығы мен бостандығын қорғайтын, қылмысқа қарсы ымырасыз күресте алдыңғы қатарда тұратын жандардың бірі. Қылмыспен күресу барысында қаншама полиция қызметкерлері көкірегін оққа тосты. Қаншама ел сенімін арқалаған арыстай азаматтарымыз қыршынынан қиылды.                                          ​

2022 жылғы 9-10 желтоқсан аралығында ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне және Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай, қызметтік міндетін орындауда қаза болған оқу орнымыздың түлектері Рүстем Кенжалинді және Мейрамбек Рахматуллаевты еске алуға арналған ІІМ-нің ведомстволық оқу орындарының арасында волейболдан республикалық турнир өтті.                   ​Жарыстың негізгі мақсаты – күнделікті қызметтерінде ерен ерліктің үлгісін көрсеткен полиция қызметкерлерінің ерлігі мен батырлығын, ант пен қызметтік парызға адалдығын кеңінен таныта отырып, полицияның оң имиджінқалыптастыру, істерін дәріптеу және ІІО қызметкерлерінің моральдық және әскери патриоттық рухын көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау.                                                                                                                                                                       ​Іс-шара институтымызға аты берілген Кеңес Одағының Батыры Малкеждар Бөкенбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Іс-шараның ашылу салтанатындаалғашқы сөз сөйлеген  институт бастығы полиция полковнигі А.Б. Байсұлтанов «Қазақстан полициясы – ел тыныштығының күзетшісі. Біздің әріптестеріміз өз қызметтерінде антқа адалдық танытып, елінің қорғаны болып, мемлекет мүддесіне күн демей, түн демей қызмет етіп жүргені мәлім. Осындай қызмет барысында өз өмірлерін пида еткен бейбіт күннің батырлары қатарында М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының түлектері Кенжалин Рүстем Болатұлы мен Рахматуллаев Мейрамбек Нурдиллаұлының есімдері бар. Батырларымыздыеске алуға арналған турнирді ұйымдастырудағы негізгі мақсаттардың бірі – күн сайын полиция қатарын толықтыруға даярлап жатқан тыңдаушылар мен өскелең ұрпақтың санасына патриоттық рухты сіңіру» – дей келе, осы шараға қатысып отырған батырларымыздың ата-аналарынаорасан зор ықыласпен алғыс білдіріп, турнир жұмысына сәттілік және қатысушы командаларға сәттілік тіледі. 

Марқұм болған түлектердің отбасы мүшелеріне, турнирдің қонақтарына  ескерткіш ретінде бағалы сыйлықтар табысталды.

Аталмыш жарысқа қонақ ретіндебатырларымыздың ата-аналарымен қатар, артында қалған жарлары мен қыздары, білім бергенұстаздары, бірге оқыған достары қатысып, жылы естеліктерімен бөлісті. Турнир қонақтарының назарына ержүрек полицейлер Рүстем мен Мейрамбектің ұмытылмас ерліктері туралы институт қызметкерлері даярлаған бейнебаян ұсынылды. Сонымен қатар, шара қонақтары институт мұражайындағы батырларымызға арналған бұрышқа тағзым етті. 

Жарыс барысында ала допты алақанда ойнатқан ойыншылар сегіз командадан тұрды. Атап айтсақ, республикалық турнирдегі жеңіс кубогін ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының командасы, ҚР ІІМ Ақтөбе облысы Полиция департаментінің командасы, ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының құрама командасы, ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының командасы,  ҚР ІІМ Шымкент қ. оқу орталығының командасы, ҚР ІІМ Павлодар қ. оқу орталығының командасы, Шымкент облысы,  Қазығұрт ауданы, Қарабастау орта мектебінің командасы, Ақтөбе қ. №41Ф.Оңғарсынова атындағы мектеп-гимназиясының командасы сарапқа салды. 

Түскі үзілісте марқұмдардың әруағына құран бағышталып, ас берілді. Асқа қатысқан институт басшылығы, ардагерлер, оқытушылары мен курс буыны қызметкерлері Рүстем мен Мейрамбек  туралы жақсы естеліктерімен бөлісіп, олардың жүріп өткен іздері қалған институт қабырғасындағы өмірін өкінішпен еске алды.

Құқық қорғаушылар арасындағы бірлікті, командалық қолдауды нығайтуды мақсат тұтқан бұл спорттық кездесу өте тартысты өтті.

Жарыс бар жерде жеңіс бар. Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарды Ақтөбе заң институтының командасы – І орын,Қарабастау орта мектебінің командасы – ІІ орын, Ақтөбе облысы Полиция департаментінің командасы – ІІI орынды иеленіп. жеңімпаз командалар дипломдармен, кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Әр командадан «Үздік байланыстырушы», «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы» номинацияларының иегерлері анықталды.

Осылайша, осындай бейбіт күннің батырларынеске алу арқылы  ұрпақтарымыздың жүрегіне патриоттық сезімді оята отырып, нағыз елім дейтін ерлерді қалыптастыруға,  ерлік символын жасауға  арналған волейбол турнирі де өз мәресіне жетті.