Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Гендерлік зорлық – зомбылық саласында сот әділдігіне қол жеткізуді күшейту-гендерлік зорлық-зомбылық фактілері бойынша жұмыс кезінде полиция күштерін тиімді қабылдау, әлеуетті арттыру және жұмылдыру» тақырыбы бойынша полиция қызметкерлерін қашықтықтан оқыту

20.08.2021

2021 жылғы 16-21 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығында«Гендерлік зорлық – зомбылық саласында сот әділдігіне қол жеткізуді күшейту-гендерлік зорлық-зомбылық фактілері бойынша жұмыс кезінде полиция күштерін тиімді қабылдау, әлеуетті арттыру және жұмылдыру» тақырыбы бойынша полиция қызметкерлерін қашықтықтан оқыту ұйымдастырылды.
2021 жылдың тамыз айының 20 күні «Гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу саласында полицияның мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылы» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақты өткізуге Ақтөбе қ. «Малика» тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету дағдарыс орталығының директоры Д.К. Қарабалина және Ақтөбе қ. «Дәріс» ақпараттық-кеңес беру орталығының атқарушы директоры Г. Идигеева қатысты.
ІІО-ның әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі дағдарыс орталықтарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру, Заң, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету, республиканың түрлі өңірлерінде жұмыс тәжірибесімен алмасу мәселелері талқыланды.