Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ақтөбе қаласы Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының кадет сыныбының оқушылары Ішкі істер министрлігіне барды.

7.07.2022

Ақтөбе қаласы Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының кадет сыныбының оқушылары Ішкі істер министрлігіне барды.

Экскурсия ел Президенті жариялаған “Балалар жылы” және ҚР ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты мен Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында өтті.

Кадет сыныбында болашақта полицей болуды армандайтын оқушылар білім алады. Олар саптық, тактикалық арнайы дайындықтан өтеді. Қонақтар ведомствоның мұражайында болды. Балалар құнды жәдігерлермен және Қазақстан полициясының қалыптасу тарихымен танысты. Олар министрлік мұражайының меңгерушісі Алмагүл Сатмағамбетованың әңгімесін ден қойып тыңдады.

Болашақ тәртіп сақшылары Нұр-Сұлтан қаласы ПД “Сарыарқа” ПБ учаскелік полиция инспекторы Ерлан Жаңабаевпен кездесті. Айта кетейік, елордалық полицей 2020 жылы түтіндеген үйден жеті адамды алып шыққан болатын. Мемлекет басшысының Жарлығымен ол “Ерлігі үшін” медалімен марапатталған.