Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімшесі

22.12.2022

Бөлімше қызметкерлері функционалдық міндеттеріне сәйкес институттағы мемлекеттік тілді дамыту және БАҚ-пен өзара іс-қимыл жұмысын жалпылап отырады және талдайды. Талдау негізінде өз құзыреті шегінде олардың қызметінің басым бағыттарын әзірлеуді жүзеге асырады.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және насихаттау мақсатында іс-шаралар жоспарланады, олар жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

        Институт қызметі туралы ақпаратты БАҚ редакцияларына ұсыну және жұртшылықты ақпараттандыру, сондай-ақ БАҚ-пен және жұртшылықпен өзара іс-қимылдың ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру арқылы институттың тұрақты оң имиджін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастырады. Ұйымдастырылған және тіл дамыту туралы мақалалар республикалық және облыстық баспа беттерінде және институт сайтында, әлеуметтік желілерде үнемі жариялауға ұсынады.

Институттың құрылымдық бөліністерінде ішкі істер органдарында жүргізілетін тіл саясаты туралы заңнамалар ман нормативтік құжаттардың жүзеге асырылуына ықпал етеді, сондай-ақ практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді.     

Мемлекеттік тілді жетік меңгермеген институт қызметкерлеріне мемлекеттік тілді үйрету процесін жүзеге асыруды ұйымдастырады, сараптама жасайды.