Факультет тарихы:
Кәсіби даярлық факультетінің тарихы 1998 жылы Ақтөбе заң колледжінде құрылған күндізгі оқу факультетінің даму тарихымен үздіксіз байланысты. Күндізгі оқу факультеті колледждің құрылымдық бөлімшесі ретінде тікелей оқу процесін жоспарлаумен, ұйымдастырумен және педагогикалық бақылаумен айналысты. Факультет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Заңдарын, Білім және ғылым министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрықтары мен нұсқаулықтарын басшылыққа алды.
Күндізгі оқу факультетін экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі М.Ә.Тұрғанбаев (1998-2009 жылдары) басқарды.
2010 жылдың 31 мамырында Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институты болып құрылғаннан кейін күндізгі оқу факультетінің функционалдық міндеттері жоғары білімнің білім беру бағдарламасын іске асыруға сәйкестендіріп өзгертілді.
2010-2012 жылдар аралығында факультетті тарих ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі С.Қ.Махмутов, ал 2014-2016 жылдар аралығында заң ғылымдарының магистрі, полиция полковнигі А.Ж.Майданова басқарды.
2016-2019 жылдар аралығында күндізгі оқу факультетінде аға оқытушы-әдіскерлер полиция майоры А.А.Байболатова, полиция майоры А.Галиуллина, оқытушы-әдіскерлер полиция майоры Д.Ж.Усенов, полиция майоры Т.Ж.Елемесов, полиция капитаны Ж.Ж.Аксакова қызмет атқарды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 957 бұйрығына сәйкес күндізгі оқу факультеті кәсіби даярлық факультеті болып өзгертілді.
2019-2023 жылдар кезеңінде кәсіби даярлық факультетін заң ғылымдарының магистрі, полиция полковнигі А.Ж.Сейтенов басқарды.
Факультет туралы:
Кәсіби даярлық факультеті Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының негізгі құрылымдық бөлімшесі болып табылады, қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып «6В12301-құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша жоғары заңгерлік емес білім базасында кадрларды даярлайды және ішкі істер органдарының келесі лауазымдық санаттарына алғаш рет түсетін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлықты жүзеге асырады:
Факультеттің қызметі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіруге, институттың профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыру және инновациялық әдістемелерді енгізу арқылы білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.
Факультеттегі оқу процесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады, оның негізінде оқу жұмыс жоспарлары, бағдарламалары және оқу сабақтарының кестесі әзірленді.
2023 жылдың наурыз айынан бастап кәсіби даярлық факультетінің бастығы лауазымына философия докторы (PhD), полиция полковнигі Дархан Амангельдиевич Амангельдиев тағайындалды.
Факультет бастығы өз өкілеттіктерін өзіне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес жүзеге асырады:
Қазіргі уақытта факультет штатына оқытушылық және оқу-әдістемелік қызметте мол тәжірибесі бар қызметкерлер кіреді:
– аға оқытушы-әдіскерлер – полиция подполковнигі Мыштаева Ақбота Ансатовна, полиция майоры Аксакова Жанар Жанаевна;
– оқытушы-әдіскерлер – заң ғылымдарының магистрі, полиция майоры Жайлаубаева Шара Темирхановна, полиция аға лейтенанты Құрманияз Тұрар Жақсыбайұлы.
Факультеттің мақсаттары мен міндеттері:
Факультеттің негізгі міндеті білім алушылар мен тыңдаушылардың қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті түлектердің біліктілік сипаттамаларына қойылатын талаптар көлемінде терең білім, тәжірибелік дағдыларды алу процесін ұйымдастыру болып табылады. Бұл міндет оқу процесін, оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларына сәйкес ұйымдастыру, жоспарлылық және біртектілік, оқу процесіне оқытудың озық инновациялық әдістемелерін енгізу арқылы жүзеге асырады. Факультетте тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізу жалпы адамзаттық және адамгершілік құндылықтардың басымдығына негізделеді.
Факультеттің мақсаты – Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тәжірибелік қызметке жеткілікті білім, білік және дағды деңгейіне ие білікті мамандарды даярлау.
Факультеттің функциялары:
Кәсіби даярлық факультетінің негізгі функциялары:
– оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеудің уақтылығы мен сапасын бақылау;
– білім беру бағдарламаларын жетілдіру, оқытудың жаңа нысандарын, әдістері мен құралдарын енгізу;
– оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау;
-оқу процесін бақылауды ұйымдастыру: білім алушылардың оқу сабақтарына қатысуын; оқу жұмыс жоспарлары орындалуын бақылау; аудиториялық сабақтардың өткізілуін және білім алушылардың өз бетінше дайындалуын бақылау; білім алушылардың оқу сабақтарына ағымдағы үлгерімі мен қатысуын бақылау; педагогикалық бақылау, оқу сабақтарына кафедрааралық және кафедралық өзара қатысу кестелерін әзірлеу;
– сабақтардың жекелеген түрлерін өткізу үшін ведомстволық және өзге де жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдарын, ғылыми-педагогикалық қызметкерлерін, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың басшысы құрамының өкілдерін тарту.
Факультет оқу тәртібін нығайтуға және үлгерімді арттыруға бағытталған әзірленген шаралар жүйесін қолданады. Апта сайын үздік оқу тобына «Үздік үлгерімі үшін» жалаушасы беріледі.
Кәсіби даярлық факультеті институттың құрылымдық бөлімшесі ретінде келесі кафедраларға басшылықты жүзеге асырады:
– ІІО әкімшілік қызметі;
– қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика;
– көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру;
– жалпы заң пәндері;
– кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару;
– арнайы-тактикалық даярлық;
– дене шынықтыру.
Сабақтарды институттың ғылыми дәрежесі, педагогикалық және ішкі істер органдарында үлкен тәжірибелік жұмыс өтілі бар жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамы өткізеді.
Оқу процесін ұйымдастыруға арналған материалдық-техникалық база заманауи, техникалық оқыту құралдарымен жабдықталған оқу аудиторияларынан тұрады (Сурет 1(А,В,С,D,Е)) және мамандандырылған оқу кешендерін қамтитын криминалистикалық полигондар (Сурет 2): «Тұрғын бөлме» (Сурет 3), «Дүкен» (Сурет 4), «Кримтехзертхана» (Сурет 5), «Медициналық-криминалистикалық үлгілер секциясы», «Көлік» (Сурет 6), «Жолаушылар вагоны» (Сурет 7), «ЯК-40 «Планер» ұшағы (Сурет 8) жасалған. Олар кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құралдармен, материалдық-техникалық жарақтандырумен қамтамасыз етілген. Көрсетілген әдеттегі құралдардан басқа, қазіргі заманғы криминалистикалық құралдар да қолданылады: буып-түю материалдары, әр түрлі беттерден саусақтардың іздерін (мысалы, шаң іздері) табу және алу кезінде практикалық дағдыларды пысықтауға арналған құралдар, саусақ іздерін жасау құралдары, гипс құймаларын жасауға арналған материалдар, жалған іздері бар құжаттарды зерттеу құралдары(Сурет 9(А,В,С)).
Ақтөбе облысының Полиция департаментімен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданының № 3 ҚПБ №19 учаскелік пункті базасында ІІО әкімшілік қызметінің бітіруші кафедрасының филиалы құрылып, жұмыс істейді (Сурет 10) және Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінде оқу процесін тәжірибеге бағдарлау үшін көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының филиалы ашылды (Сурет 11).
Дене шынықтыру кафедрасының спорттық жабдықтарына резеңке жабыны мен жылытуы бар спорт залы, күрес залы, қоян-қолтық күрес залы, кедергілер мен жүгіру жолы бар спорт қалашығы, шағын футбол, волейбол және баскетбол алаңдары кіреді. (Сурет 12 (А,В,С,D)). Оқу процесінде тактикалық-арнайы даярлық кафедрасы атыс қаруы мен арнайы құралдарды қолдануға байланысты жағдайларда қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті негізгі кәсіби білім мен дағдыларды игеруге ықпал ететін төрт бағытқа арналған атыс тирін қолданады (Сурет 13 (А,В,С,D)).
Сурет 1(А)
Сурет 1(В)
Сурет 1(C)
Сурет 1(D)
Сурет 1(Е)
Сурет 2
Сурет 3
Сурет 4
Сурет 5
Сурет 6
Сурет 7
Сурет 8
Сурет 9(А)
Сурет 9(В)
Сурет 9(С)
Сурет 10
Сурет 11
Сурет 12(А)
Сурет 12(В)
Сурет 12(С)
Сурет 12(D)
Сурет 13 (А)
Сурет 13(В)
Сурет 13(С)
Сурет 13(D)
![]() |
|