Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ресей Федерациясы ІІМ Уфа заң институтының 50 жылдығына арналған “Ғылым мен білімнің өзекті мәселелері: отандық және шетелдік тәжірибе” атты Халықаралық ғылыми-тіжрибелік конференция туралы

30.09.2021

Ресей Федерациясы ІІМ Уфа заң институтының 50 жылдығына арналған “Ғылым мен білімнің өзекті мәселелері: отандық және шетелдік тәжірибе” атты Халықаралық ғылыми-тіжрибелік  конференция туралы

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде РФ ІІМ Уфа заң институтының базасында сырттай форматта “Ғылым мен білімнің өзекті мәселелері: отандық және шетелдік тәжірибе” (РФ ІІМ Уфа заң институтының 50 жылдығына арналған) тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті әрі оның басты мақсаты – ғылым мен білім беруде инновациялық технологияларды қолданудың жаңа ғылыми және тәжірибелік нәтижелерін талқылау, идеялармен алмасу, зерттеулердің бірлескен бағыттарын іздеу және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту және жаңа байланыстар орнату болды.

Оған Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, оның ішінде институт бастығының міндетін атқарушы, з.ғ.к., полиция полковнигі Алтай Бисенұлы Байсултанов құттықтау сөз сөйлеп және институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы, (phD) докторы, полиция майоры Ерлан Қуанышұлы Балымов “Ведомстволық білім беруді жетілдіру: болмысы мен болашағы” атты ғылыми баяндама жасады.