Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жалпықұқықтық пәндер кафедрасының «Құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыптары аясындағы жұмыс

23.11.2020

2020 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағыАқтөбе заң институтының жоспарына сәйкес полиция подполковнигі З.З.Нұрыш Ақтөбе қаласының №8 жалпы білім беретін орта мектебіне барып, 7-8 сынып оқушыларына «Құқық бұзушылықтардың алдын  алу» тақырыптарында дәріс жүргізді.
Талқылау барысында оқушылар әртүрлі құқық бұзушылықтардың алдын-алу туралы, атапайтқанда, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерлерде болуы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың вандализмі және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438 бабы, 1-тармағы бойынша арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін жауаптылық туындайтындығы туралы ескертілді.