Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Босандыру кезіндегі дәрігерге дейінгі медициналық көмек

26.09.2021

24 қыркүйекте қылмыстық құқық,қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушылары полиция подполковнигі Б.М.Мухамедьярова мен полиция майоры Д.С.Муханованың қатысуымен Ақтөбе қаласының мемлекеттік және жергілікті жедел медициналық жәрдем басқармасының фельдшері Қасым Назира Сахимқызының қатысуымен Тактика-арнайы дайындық пәні бойынша шұғыл босану кезіндегі дәрігерге дейінгі медициналық көмек тақырыбында практикалық сабақ ұйымдастырылды.

Медицина қызметкері алғашқы кәсіби дайындық курстарының тыңдаушыларына ауруханадан тыс шұғыл босану кезінде дәрігерге дейінгі Алғашқы көмек көрсету алгоритмін,сондай-ақ жаңа туған нәресте мен босанған әйелдің қарым-қатынасындағы шұғыл іс-шаралар туралы түсінікті түрде түсіндірді.

Медициналық қызметкерлермен бірлесіп өткізілетін практикалық сабақтар болашақ полицейлердің қажетті теориялық білім алуына ғана емес,сонымен қатар практикалық дағдылар мен қабілеттерді дамытуға,осындай жағдайлардағы іс-әрекеттерге психологиялық дайындыққа ықпал етеді.

ҚҚ,ҚІ-ЖжК

кафедрасының оқытушысы

полиция майоры                                                                            Муканова Д.С